Ресей ғалымдарымен ынтымақтастық
Лисаков мұражайында «Жоғары Тобыл тарихымен мәдениеті мұражайының Лисаков мұражайы жинағындағы неміс ұлтының мәдениеті» каталогының бірінші бөлігі әзірленді.
Бірінші бөлігі Қазақстанның Қостанай, Қарағанды облысы аумағында XIX ғасырдан бастап ХХ ғасырдың басына дейін тұрған, сондай-ақ 1941 жылы жер аударылып келген діни көзқарастары мен неміс халқы өкілдерінің салт-дәстүрлері элементтері көрсетілген заттармен қамтылған. Бұл қабырғаға өрнектеліп, әшейкейленіп салынған сурет- «шпрухи»,кітаптар, ашық хаттар, діни және салт-дәстүр әбзелдері.
Каталогқа Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің этнография және мұражайтану кафедрасының доценті, Ресей акадиясы ғылымдарының Сібір бөліміндегі архиеология және этнография институты Омбы филиалының ғылыми қызметкері А. Н. Блинова сыни-пікірін қалдырған.
Каталог зерттеушілер үшін Лисаков мұражайыны http://www.museum.lsk.kz/ сайтында қол жетімді.